Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды

Чеxия мемлекетінің Острава қаласында ересектер арасында 13-14 қазан күндері аралығында джиу-джитсудан өткен Әлем чемпионатында Алакөл ауданының спортшысы Айбол Аxметов күміс жүлдеге қол жеткізіп, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап. 

Небәрі, 20 жастағы Айбол бүгінде Ұлттық жекпе — жектен Қазақстанның бірнеше дүркін жеңіпазы және жүлдегері. Азия чемпионы. «Алтын» белбеу иегері. Джиу-джитсудан Қазақстанның 8 дүркін және Азия біріншілігінің жеңімпазы. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Спортшымыздың бапкері Арнұр Нұрланұлы шәкірті туралы: «Айбол талай байрақты бәскелерде өзін жақсы қырынан көрсетіп, қайтпас қайсарлықпен талай көк туымызды көкте желбіретті. Жаттығу кезінде төзімділігі жоғары, қандай қиындықтар болмасын шыдамдылық таныта біледі. Алдағы уақытқа жоспарлар көп. Болашақта Айболым көптеген байрақты бәсекелерде алдыңғы қатардан көрінеді деген сенімдемін»,- деді.

Жас майталманымызға өмір мен спорт белесінде алар асуларың көп болсын дегіміз келеді!

Талғар-ақпарат