Орталыққа соңғы екі айда 200 азамат жүгініп, өзінің мәселелерін сотқа жеткізбей шешуге тырысқан, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.
Орталықтық басты мақсаты халық арасында орын алған жанжалдар мен қақтығыстарды сотқа жеткізбей шешу, заң жөніндегі сауалдарға жауап беру, қоғамдаға өзара даулар деңгейін төмендетін келісім рәсімдерінің көлемін кеңейту және қолайлы құқықтық ортаны құру.
Аталған орталыққа көбіне жер мәселесі, алименттік төлемдерді өндіру, ажырасу процессі және тағы да басқа сұрақтармен келушілер көп. Толығырақ Алматы облысының кәсіподақ орталығының аумақтық кәсіподақ бірлестігінің медиаторы Амреева Қарлығаш айтып өтті.
«Медиация – бұл істі сотқа жеткізбей шешу болып табылады. Ол екі тараптың арыз-шағымын бірдей тыңдап, оған екі жақты қанағаттандыратын шешім іздейді. «ҚР Медиация заңына» сәйкес шағымданушылардың құқықтары тең және тәуелсіз. Медиация қызметінің басты артықшылықтары еріктілік, құпиялылық, бейтараптышылдық, ақша және уақыт үнемшілдігі. Сондықтанда біз сіздерді өзіңізге ыңғайлы уақытта келіп тегін әрі сапалы қызмет алуға шақырамыз. Осы орталықта біз сіздің ісіңізді сот алдына жеткізбей шешуге тырысамыз»,-деді ол.
Сондай-ақ, орталықта заң қызметтерінің толық спектрі ұсынылып, тұрақты және ақысыз негізде адвокат, нотариус және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті өкілдері қызмет көрсетуде. 4 айлық көрстекіш бойынша орталыққа келіп түскен өтініштердің 90 %-ын электронды хаттар құраған.
— Бүгінде мемлекеттік қызмет көрсетудің 65%-ы онлайн түрінде жүзеге асады. Ал бұл көрсеткіш 2020 жылға дейін 90%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Бұндай қызмет көрсету түрі ҚР сот орындарында 2015 жылдан бері «http://office.sud.kz/» сайты белсенді жұмыс жасауда. Аталған сайтқа кез келген қазақстан азаматы үйден шықпай өз арыздарын қалдырып, ісіне жауапты тұлғалар мен ақпараттарды біле алады, — деді Ақпараттық технологиялар және ақпараттарды қорғау бөлімінің басшысы Абрахманов Арман Сералыұлы.
Айта кету керек, құқықтық қызмет орталығы жанынан келісім кабинеті ашылған. Ол жерде арызданушы азаматтар өз мәселерін тыныш жерде кәсіби маман көмегімен шеше алады.
Талғар-ақпарат