Теңгенің 25 жылдығына арналған іс-шаралар тізімі белгілі болды

Теңгенің 25 жылдығына арналған іс-шаралар тізімі белгілі болды

Ұлттық валютаның төл мерекесіне орай, бірқатар шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтсақ, жиындар, ашық байқаулар, қаржыгерлер конгресі. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметі алаңында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Алматы облыстық филиалының директоры Жұмабеков Ернар баяндады, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

«Еліміздің қаржы жүйесінің қызметкерлері үшін 2018 жыл теңгеміздің енгізілген күніне 25 жыл толуына байланысты конгреске жақын және алыс шетелден келетін қонақтардың, оның ішінде орталық банктер басшылары, халықаралық қаржы ұйымдары мен қаржы нарығының өкілдерінің қатысуы маңызды оқиға болмақ. Сонымен қатар, Қазақстан Ұлттық Банкі Ұлттық валюта теңгенің 25 жылдығын атап өту аясында 1 қыркүйектен бастап банкноттар мен монеталардың үздік бейнелеууіне арналған «Теңге балалардың көзімен» тақырыбында балалар арасында ашық конкурс жарияланады. Ондағы мақсатымыз дарынды балаларды анықтау, ынталандыру, жас суретшілерге өздерінің шығармашылық әлеуетін ашу мүмкіндігін беру, ұлттық валюта теңгенің әдемілігін көрсету», — дейді Е.Жұмабеков.

Балалар суреті конкурсы 6 — 10, 11-14 жас аралығында өткізіледі. Жұмыстар «Банкноттың үздік бейнеленуі» және «Монетаның бейнеленуі» номинациялары бойынша қабылданады. Байқау жеңімпаздарына ақшалай және ескерткіш сыйлықтар тапсырылады. Конкурс қорытындылары 15 қарашаға дейін шығарылады.

Жиында сонымен бірге, инфляция жайлы айтып өтілді. Алматы облысында 2018 жылғы қаңтар-тамыз аралығында инфляция 2,8%-пайызды құраса, өткен жылғы статистикамен салыстырғанда  біршіма төмендеген.

Сондай-ақ, жылдық инфляция, яғни 2017 жылғы тамыз айынан бастап осы жылдың тамыз аралығында 6,4%-ды құрады және 2018 жылға белгіленген нысаналы дәліз ортасында, яғни 5-7% болды.

Талғар-ақпарат