Жетісуда тұңғыш рет КТА ойынының фестивалі өтпек

Жетісуда тұңғыш рет КТА ойынының фестивалі өтпек

Алматы облысында жайдарман ойындарын дамытуға ерекше мән беріліп отыр. Себебі жайдарман ойыны мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға,   олардың қоғамдағы орындарын анықтауға, құқық бұзушылыққа жетелейтін  жағымсыз  әдеттерден арылуға және  бос уақытты  тиімді пайдалануға үйретеді. Осыған орай, Талдықорғанда ағымдағы жылдың 1-ші қазанында  «Жайдарлы Жетісу» фестивалі өткізілмек. Фестивальға республикадан 7 команда, облыстан 3 топ шақырылып отыр, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

«Жетісу жастары ұйымының Конгресі, Алматы облысы  Жастар саясаты мәселелері басқармасынан мемлекеттік тапсырысты ұтып алған болатын. Осыған дейін біз Алакөл жағалауында КТА ойындарын өткізіп, командалар арасында тәжірибе алмасуды үйымдастырдық. Қазіргі таңда жастар қауымдастығы бірлестігі облыс, аудан, қалаларын  аралап КТА ойнының міндеті мен ережелерін түсіндіру мақсатында семинарлар өткізіліп жатыр. 2018 жылы бұрынғыданда ауқымды жоба «Жайдарлы Жетісу» фестивалі өткізбекшіміз. Кеш жүргізушісі әзіл әлемінің майталманы Тұрсынбек Қабатов. Концерттік бағдарламада «Тек қана қыздар» Алматы қаласы, «Шу-Чу» Жамбыл облысы, «Қармақшы» Қызылорда облысы, «Арман қала Жетісай» Түркістан облысы, «Мәдениетті жігіттер» Тараз қаласы, Талдықорған қаласынан «Бренд» жене «Талдықорған» сынды топтар өнер көрсететін болады», — деді «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» ЖҚБ басшысы Жомарт Қаратас.

Айта кетейік, әзіл додосының жүлде қоры І-ші орын 300 мың теңге,ІІ-ші орын 200 мың теңге, ІІІ-ші орын 100 мың теңге және ынталандыру сыйлықтары табыс етіледі.

Талғар-ақпарат