РУХАНИ ОРДАДАҒЫ РУХТЫ КЕЗДЕСУ

РУХАНИ ОРДАДАҒЫ РУХТЫ КЕЗДЕСУ

Қаламыздағы орталық кітапхананың оқырмандар залында «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздігіміздің басты ны-шаны» атты дөңгелек үстел өткізілді. Аудандық «Қазақ тілі» қоғамы ұйымдастырған осы кеште мемлекеттік тіл – қазақ тілінің қолдану аясы мен латын әліпбиіне көшу үрдісінің қоғамда қалай іске асып жатқаны туралы өте өзекті мәселелер сөз болды.

Дөңгелек үстел барысында «Мемлекеттік тілді білмейтін азамат сол елдің патриоты бола ала ма?», «Мем-лекеттік тілдің дамуына не кедергі?», «Қазақ тілінің дамуына сіз қандай үлес қосып жүрсіз?» сияқты тақы-рыптарға терең ой-пікірлерін білдірген №32 орта мектептің ұстазы Жанна Батырханова, №31 орта мектептің мұғалімі Əйгерім Досбосынова, аудандық əскери қорғаныс бөлімінің қызметкері Салтанат Алпысбаевалар əр мектептен келген оқушылар алдында көкейде жүрген ойларымен бөлісті. Осы кеш барысында ауылдық
округтерден келген тіл мамандары мен əр білім ордаларынан келген ұстаздар Қазақстанда 2025 жыл түпкілікті қолданысқа көшірілетін латын əліпбиінің тарихы мен оның қазақ халқы үшін өткеніне оралуы екенін жеткізді. Аудандық «Қазақ тілі» қоғамының əдіскері Гүлнар Мамырбаева 130-дан астам ұлт пен
ұлыстардың басын біріктіріп, олардың ортақ тіліне айналар мемлекеттік тіл – қазақ тілінің, оның байырғы жазу тілі – латын əліпбиінің болашағы туралы кеңінен əңгімелеп берді. «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» – деп дана Абай Құнанбайұлы айтқандай, осы тіл мерекесіне арналған кеште №31 орта мектеп оқушысы Жанерке Əнапия М.Əлімбаевтың «Ана тілі» өлеңін, Алуа Бейісбай «Рухы биік қазақпын», Балауса Тынарбай «Жанашыр жанның тілі», Аружан Рысбай «Тіл сарайы», Зарина Бектұрсын: «Туған тілім – тұғырым» атты балауса өлеңдерін оқыса, №32 орта мектебінің оқушысы Əсем Смағұл: «Өз тіліңді біл, өзге тілді құрметте» атты жыр шумақтарын көпшілік назарына ұсынса, осы мектептің тағы бір жас ақыны Əсел Асанова: «Асыл
мұрам – қазынам» атты жүрек түкпірінен шығып, ақ қағаз бетіне жыр шумақтары болып төгілген балаң жыр-ларын мəнерлеп оқып берді. «Əркімнің туған тілі – туған шеше, оған бала міндетті сан мың есе», – деп ақын
С.Мұқанов жырлағандай, дөңгелек үстелді аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Рая Байшықова қорытындылады.

 

Тұрсынбек ЖАЛҒАСБАЕВ,
«Талғар».