Білім саласындағы жемқорлық – болашаққа жасалған зұлымдық

Білім саласындағы жемқорлық – болашаққа жасалған зұлымдық

Саны 175 елді қамтыған әлемдік жемқорлық рейтингінде Қазақстан 126 орынды алып отыр. Бұл туралы, Талдықорған қаласында өткен білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстар жайлы талқыланған жиында белгілі болды. Онда жалпы саны 550 адам шақырылған. Оның ішінде қалалық білім бөлімдерінің басшылары, балабақша меңгерушілері, мектеп және колледж директорлары шақырылған, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Жиын мақсаты білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жастарға жемқорлықсыз болашақ даярлау. Мәселені түпкілікті жою жолдарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысы Серікбай Өрікбайұлы түсіндіріп өтті.

— Біз қазір барлық жағдай  жасалған заманда өмір сүріп жатырмыз. Себебі, сізбен біздің алға қойған мақсатымыз айқын, келешегіміз кемел.  Елбасымыз Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауында да осы жайлы айтып кеткен. Меніңше сыбайлас жемқорлықты сонау мектеп қабырғасында білім алып жүрген оқушымен, ұстаздан бастап тию қажет. Қазақстанда білім алу жүйесі парасыз болуы керек. Бүгінгі таңда мектептерде бала қабылдау, директор тағайындау,ата-аналардан ақша жинау және тағы да басқа мәселелер жылдан жылға өршімесе, басылар емес. Оған дәлел, халық арасында жүргізілген сауалнама. Халықтың 64 %-ы мектептерде жемқорлық фактісі бар десе, 67 % оның қаражатты мәжбүрлі түрде жинау фактісі болып отыр. Колледждермен, жоғарғы оқу орындарында мемлекеттік шәкіртақының дұрыс бөлінбеуі, емтихандардың сапасыздығы, студеттердің сабаққа қатысу дәрежесінің төмендігі,  қалтаны қалыңдатып беру арқылы туып отыр. Құрметті әріптестер, қазақстаның әр шаңырағында өсіп жатқан жастың болашағы жарқын болсын десек, біз жемқорлыққа жол бермеуіміз керек. Болашақ бүгінен басталады,- деді ол.

«Жемқорлыққа қарсы үздіксіз күрестен кейін, бір жылдық мониториг  қорытындысы есебімен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер. Былғы жылы Алматы облысыда 761 мектеп, колледждердің директорлары тексерістен өтті. Оның 40 %-ы, яғни 332 әкімшілік жауапкершілікке, 17 қылмыстық жауапкерлішікке тартылған. 2017-2018 жылдың қорытынды бойынша, сыбайлас жемқорлықтың әсерінен мемлекетке 8 млрд теңге шығын келтірілген», -деп қосты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаментінің  басшысы  Данияр Тұрғанбаев.

Жиын соңында, Алматы облысы білім басқармасының басшысы Д.Х.Жүнісов бас қосудың соңында өз әріптестерін келе жатқан мерекелерімен құттықтап, алдағы уақыттта  өткізілетін іс-шаралармен таныстырып өтті.

Талғар-ақпарат