Жаңа жүйе бойынша қызметкерлер 2 түрден тұратын жалақы алатын болады. Біріншісі ол тұрақты, яғни мемлекеттік қызметкердің атқарып отырған жұмысының функционалдық міндеті мен өтіліне қарай, екіншісі бонустар түрінде, жылдың соңында жеке жұмыс жоспарындағы көрсеткіштеріне байланысты, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.
«Осы жоба бойынша дайындықты біз 2015 жылдан бастап, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында бастаған болатынбыз.Бүгін, мемлекеттік қызметшінің жалақысы тек екі параметрге байланысты болып отыр – жұмыс өтімі мен атқаратын лауазымының санаты. Ал қызметкердің атқаратын жұмысының күрделілігі мен тиімділігі ескерілмейді. Сонымен қатар, сыйақы, үстемеақы сияқты ынталандыру төлемдері өздеріңізге белгілі бірдей мөлшерде төленеді. Бұл жүйе 14 жыл бұрын енгізілген және осы уақытта бірде бір түбегейлі өзгерістерге ұшырамаған. Нәтижесінде орталық және аймақтардағы мемлекеттік қызметшілердің және де мемлекеттік және жеке сектордағы қызметкерлердің еңбекақы төлемдерінде сәйкессіздік пайда болды.Еңбекақы төлеміндегі жаңа жүйе осы мәселелерді жояды», — деп қосты Л.Бейсеқұлова.
Жиында сонымен бірге, жүйенің жағымды жақтары айтылды. Мәселен, аймақтар мен орталықтағы мемлекеттік қызметшілердің жалақысындағы сәйкессіздікті қысқарту – бұл жаңа жүйені енгізудегі тиімділік.
Келесі бір ерекшілігі лауазымдық жалақының мөлшерін анықтау үшін жұмыс тәжірибесін есептеудің жаңа тәртібі болып табылады. Егер бұрын мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі ескерілсе, енді қазір ұқсас лауазымдардағы функционалдық бағыт бойынша тәжірибесі ескеріледі. Мысалға, кеңсенің бас маманы бір мемлекеттік органнан келесі мемлекеттік органға ауысқан жағдайда, оның осы лауазымдағы тәжірибесі жаңа жұмыс орны бойынша еңбекақы төлемдерін есептеуде ескерілетін болады.
Айта кету керек, мемлекеттік сыйақылар қосындысының мөлшері жеке секторға қарағанда орташа есеппен 10%-ға жоғары болады.
Талғар-ақпарат