Ақорданың баспасөз қызметі Елбасының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады, деп хабарлайды ТалғарАқпарат.
Қазақстан Президенті Түркия Республикасына ресми сапармен барады. Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен, сондай-ақ Түркияның іскер топтар өкілдерімен кездесуі көзделген.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің үшінші отырысына қатысуы жоспарланып отыр.
Талғар-ақпарат