Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Хиросима турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осы турнирдің алтыншы, әлемнің 65-інші ракеткасы З.Дияс беташар матчын дүниежүзілік рейтингте 86-орында тұрған испаниялық Сара Соррибес-Тормомен өткізді.
Зарина бірінші партияда 6:2 есебімен айқын басымдылық көрсетті. Екінші сетте де бет қаратқан жоқ — 6:1.
Кездесу бір сағаттан сәл астам уақытқа созылды.
Жүлде қоры 250 мың АҚШ долларына бағаланған турнирдің екінші айналымында З.Дияс Украина елінің өкілі, әлемнің 123-інші ракеткасы Катерина Козлова немесе рейтингте 231-інші сатыдағы қытайлық Чжан Юйсюаньның біреуімен кездесіп, ширек финал жолдамасын сарапқа салады.
Хиросима турнирі 16 қыркүйек күні мәреге жетеді.
Талғар-ақпарат