Оқулықтарды мектептерге жеткізу 99,5 пайызды құрады

Оқулықтарды мектептерге жеткізу 99,5 пайызды құрады

Биыл оқулықтардың сапасы жоғары болады деп сенеміз. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Орта білімге өткен жылы ең көп көңіл бөлінді.

Бұл деңгейде кестеге сәйкес жаңартылған мазмұнға көшу жұмыстары жалғасуда. Жаңа оқу жылынан бастап 3, 6, 8-ші сыныптар мазмұны жаңартылған бағдарламамен оқи бастайды. 4, 9, 10-шы сыныптарда апробация басталады. Кезең-кезеңімен көшіп отырмыз. Мұғалімдер мен оқулықтар дайын. Қазіргі күні Республика бойынша оқулықтарды мектептерге жеткізу 99,5 пайызды құрады. Осы бағыттағы жұмыстарды күн сайын бақылап отырмыз. Алдағы екі күнде барлық оқулықтар жеткізілетін болады», — деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, оқулықтардың сапасын жақсарту үшін көп жұмыс жасалды.

«Биыл оқулықтардың сапасы жоғары болады деп сенеміз. Оқулықтардың электрондық нұсқалары енгізілді», — деп түйді Е. Сағадиев.

Талғар-ақпарат