Үйде сүндеттелген екі жасар бала комаға түсті

Үйде сүндеттелген екі жасар бала комаға түсті

Жаңа Мәскеу ауданында үйде сүндеттелген екі жасар бала комаға түсіп қалды деп хабарлайды diapozon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оқиға 20 тамыз күні болған. Десеновское ауданында жұмыссыз ер адам баланың ата-анасының өтініші бойынша кішкентай сәбиді сүндетке отырғызған.

Осы мезетте балақайдың аяқ-қолы қалтырап, дем жетпей қалыпты. Дереу ауруханаға жеткізілген сәби комаға түсіп, жансақтау бөліміне жатқызылған екен.

Тергеу комитеті аталған іске байланысты алдын ала тексеру жүргізіп бастаған.

Алдын ала болжамдар бойынша, баланы тәжікстандық тәжірибелі педиатр сүндеттеген. Алайда анестезиядан соң комаға түскен бүлдіршінге дәрігер көмек көрсете алмапты.

Талғар-ақпарат