Кездесуде Мемлекет басшысына сот төрелігі органдарының биылғы жартыжылдықта атқарған қызметі мен бұған дейінгі жүктелген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды ТалғарАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
– Өткен 6 айдың ішінде бірінші сатыдағы соттар 1,8 миллион сот ісі мен материалдарды қарады. Бұл былтырғы осы уақыттағы көрсеткіштен жоғары. Қылмыстық іс бойынша 16 302 адам сотталса, олардың 25 пайызы бас бостандығынан айырылды, – деді Жоғарғы сот төрағасы.
Жақып Асанов Нұрсұлтан Назарбаевқа экономикалық қылмыстар бойынша қамау түріндегі бұлтартпау шараларын белгілеу жағдайы 30 пайызға төмендегінін мәлімдеді.
Кездесу соңында Қазақстан Президенті бірқатар тапсырма берді.
Талғар-ақпарат