15 тамызда бұрынғы «Саяхат»автобекетінің орнында болған заңсыз базар жерді мақсатты пайдаланбағаны үшін және автобекеттің құрылысына байланысты сүріледі, — деп мәлімдеді Алматының ішкі саясат бөлімі.
22 маусымда барлық базар сатушысына 1 шілде күнінен бастап жұмысты тоқтату хабарламасы таратылған, алайда кәсіпкерлердің сұрауы бойынша уақыты бастапқыда 1 тамызға дейін, кейін 15 тамызға дейін көшірілді.
Осыған дейін Жетісу ауданының аппарат әкімі түсініктеме жұмысын жүргізіп, сатушыларға Жетісу ауданының аумағында сату орындары ұсынылған. Олар: «Дәстүр» сауда үйі (Солтүстік айналым, 8, 14 шаршы метрлі жалға берілетін сату бөлімінің бағасы — 25 000 теңге), «Самал» базары (Солтүстік айналым, 53 В, 1 контейнердің жалға беру бағасы — 5 мың теңге, 2 айы тегін). Сонымен қатар, Алатау ауданының маңындағы Mizam көтерме және бөлшек сауда орталығы ұсынылды. Нәтижесінде саудагерлердің басым бөлігі ұсынылған орынды өз еріктерімен қабылдаған.
Еске сала кетейік, басқарма өкілдерінің хабарлауынша, «Саяхат-Инвест» ЖШС мен Райымбек даңғылынан солтүстікке қарай және Сүйінбай даңғылының шығыс жағында орналасқан жер учаскесінің иелерімен Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде қала маңындағы байланыс үшін Саяхат автовокзалын салу мәселесі қарастырылып жатыр.
Талғар-ақпарат