Кешеден бері WhatsApp желісі арқылы кішкентай қыздың батутта ойнап жүріп мерт бола жаздаған видеосы таралып жатыр. Болған оқиғаға байланысты қыздың туысқан әпкесінің jarkent_news Instagram парақшасында жазбасы пайда болды, деп хабарлайды ТалғарАқпарат.
Жазбадағы дерекке сүйенсек оқиға 09.08.2018 жылы орын алған.
Әпкесі қала тұрғындарын жалпы ата-аналарды өте сақ болуға шақырған.
» …Жиенім Шахназ батутта ойнап жүрген. Кенеттен батуттың ішіне түсіп кетті. Қиналсақ та оны ол жерден әзер алып шықтық. Сол кезде қандай жағдайда болғанымды білсеңіздер ғой!… Ішінен көз аштырмайтын жылы ауа соғып тұрды…. Оның жылаған даусын естісеңіздер ғой. …102-ге хабарластық. Олар келіп тек ескерту ғана жасады. Одан артық ештеңе істей алмаймыз. Себебі бұл жеке адамның меншігіндегі батут, деп түсіндірді. Бірақ батут тесік болған. Біз оны білген де жоқпыз. Неге олар батутты тексермейді…әрине оларға ақша болса болды. Ал егер біз бір минутқа көз жазып қалсақ не болар еді? Бәрінің жақсы біткеніне Аллаға шүкір! Бірақ бойымдағы жанайқай маза берер емес. … Балаларыңызды көзден таса қылмаңыздаршы. Олар өміріміздегі гүл ғой» — деп жазған.
Талғар-ақпарат