Қырғызстанның Жалалабат облысындағы Ақсый ауданында ер адамды найзағай соқты. Бұл туралы «Кабар» агенттігі Қырғыз Республикасы ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жазатайым оқиға 12 тамыз күні шамамен 08:30-дарда Таштак қаласында болған. 1980 жылы туған ер адам Ш.Т.К. ауыл шетінде шөп орып жүргенде жай түсіп, оқиға орнында қаза тапқан.
Талғар-ақпарат