Еңбек әулеттері мен Жетісу облысының қызметкерлері арасында жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясын насихаттау мақсатында өткізілетін «Еңбек жолы» республикалық байқауы ең үздік қызметкерлерді анықтайды. Өтінімдерді қабылдау осы жылдың маусым айында аймақтық деңгейде басталды. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.
Байқауға барлық ұйымдардың кез-келген өкілі қатыса алады. Сонымен қатар іріктеу 3 арнайы номинация бойынша жасалады. Спикерлердің айтуы бойынша, «Еңбек жолы» байқауы Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламалық мақаласының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету үшін, ұрпақтар сабақтастығын сақтау және жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу үшін ұйымдастырылған.
Алматы облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Джақсыбаева Бақыт Тоқтарқызы өз сөзінде:« Байқау еңбек әулеті мен өндіріс қызметкерлері арасында өткізіледі. Басты мақсат — аймақтың және ел экономикасының дамуына еңбек сіңірген отандастардың жетістіктері үшін марапаттау. Облыстық және аудандық (қалалық) деңгейлерде байқау үш номинация бойынша өтеді: «Ең үздік еңбек әулеті», «Үздік жас өндіріс қызметкері», «Еңбекқор жастардың үздік оқытушысы». Өңірдің аудандары мен қалаларындағы үміткерлерден өтініштер қабылдау маусым айында басталды және ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін жалғасады. Биылғы жылы конкурсқа қатысуға 38 өтінім қабылданды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 3 есе артық», — деп мәлімдеді.
Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ішкі еңбек рыногын қорғау және әлеуметтік әріптестік бөлімінің басшысы Нұрдуллаева Ақзира Нұрсаулеқызы конкурстың ережелері мен мерзімдері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
«Конкурс 15 тамызға дейін жалғасады, қазіргі кезде облыс әкімінің сайтында «Еңбек жолы» байқауына қатысушылардың видеосы орналастырылатын баннер жасалды. Әрбір қатысушы үшін дауыс беру мүмкіндігі бар. Облыс тұрғындары «Еңбек Жолы» байқауына жеңімпаздарды анықтауға және бағыттауға онлайн — дауыс беруге белсене қатысу арқылы қатысушыларды қолдауын қалаймын », — деді ол.
Талғар-ақпарат