2018 жылғы 30 шілдеде Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов және Түркіменстан Министрлер кабинеті Төрағасының орынбасары — Сыртқы істер министрі Рашид Мередов екі мемлекет басшыларының алдағы жоғары деңгейдегі кездесулердің дайындық мәселелерін телефон арқылы талқылады, деп хабарлайды ТалғарАқпарат Министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Тиімді саяси өзара ықпалдастық, кеңейетін сауда-экономикалық ынтымақтастық және күшейіп келе жатқан мәдени-гуманитарлық байланыстар дәлел болып табылатын қазақ-түркімен қатынастарының жоғары динамикасы атап өтілді.
Тараптар алдағы Ақтау қаласында өтетін Бесінші Каспий саммитінің ұйымдастыру және мазмұндық аспектілерін әзірлеуге ерекше назар аударды, сондай-ақ биыл 25-жылдық мерейтойын атап өтетін Халықаралық Аралды құтқару қорының негізін қалаушы мемлекеттер ретінде бірлескен әрекетті талқылады.
Талғар-ақпарат