ЕЛБАСЫ ВЛАДИМИР ПУТИНМЕН СӨЙЛЕСТІ

ЕЛБАСЫ ВЛАДИМИР ПУТИНМЕН СӨЙЛЕСТІ

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлайды ТалғарАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында екі жақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің мейлінше өзекті мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар екі ел басшылары алдағы кездесулер кестесін, соның ішінде биылғы 12 тамызда Ақтау қаласында өтетін Бесінші Каспий саммиті аясындағы кездесулер барысын қарастырды.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.

Талғар-ақпарат