Астанада «Сау әдеттер марафоны» басталды

Астанада «Сау әдеттер марафоны» басталды

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасымен Сау әдеттер марафонын бастады, деп хабарлайды ТалғарАқпарат ДСМ ресми сайтына сілтеме жасап.

«Сау әдеттер марафоны» акциясы қалалық мәслихат депутаттарының, меслекеттік қызметкерлердің, медициналық қоғамдастықтың, спортшылардың, үкіметтік емес ұйымдардың және елорда тұрғындары мен қонақтарының қатысуымен  «Денсаулық кепілі — Будь здоров! — Be healthy!» ұранымен өтті.

Ұйымдастырушылар: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және Астана қаласы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы.

Іс-шара бағдарламасында: флэшмоб, шатыр астында Денсаулық қалашығының жұмысы, шұғыл жәрдем дағдыларына үйрету және т.б. Акция аясында онколог, кардиолог, фтизиатр, рентген-лаборант, эндокринолог, педиатр, салауатты өмір салты мамандарын тартумен мобильді медициналық бригадалар жұмыс істеді. Бейінді мамандар тұрғындарға консультативтік-диагностикалық көмек көрсетті.

Құрметті қонақтар қатарында қазақстандықтардың арасында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға үлес қосқан ардагерлер, атақты спортшылар, әртістер.

Өз сөзінде Қоғамдық денсаулық сақтау Ұлттық орталығының бас директоры Уалихан Ахметов, Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа мүмкіндіктер» атты Жолдауында саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту қажеттігіне назар аударғанын атап өтті. Жолдауды іске асыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі халықты салауатты өмір салты қағидаттары туралы ақпараттандыруға бағытталған  қоғамдық денсаулықты нығайту жөнінде Жоспар әзірледі.

Ол, сондай-ақ мемлекет Басшысы қазақстандықтарды спортпен шұғылдануға шақырғанын және «Challenge Сен басқасың!» спорттық бастамасын қолдағанын айтты.

«Денсаулык» мемлекеттік бағдарламасы аясында мүдделі тараптармен өзара әрекеттестік негізінде халықтың мінез-құлықтық стереотиптерін оқу-ағарту, консультациялар, салауатты өмір салтын насихаттау арқылы денсаулығын сақтау мақсатында  Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі құрылды. «Бүгін біз Сау әдеттер марафонын бастап отырмыз. Қарапайым іс-әрекеттер әр адамға аурудың алдын алуға және өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бас қаламыздың 20 жылдығы аясында Астана Сау әдеттер марафонын бастап, эстафетаны еліміздің басқа да өңірлеріне беруде.

Сау әдеттер марафоны аясында дастарханнан тұз солонкасын алып тастау; тәулігіне 2 литр су ішу; күнделікті 10 000 қадам жүру сияқты ұсыныстар жасалды. Қоғамдық денсаулық сақтау Ұлттық орталығының, қала, Алматы ауданының,  Денсаулық сақтау басқармасымен басшылығы өздері үлгі-өнеге болып, сау әдеттерді ұстаушылық жолын көрсетіп,  станцияларды өтумен манекенді қолданып, жүрек-өкпені реанимациялау кезінде шұғыл көмек көрсету дағдыларын көрсетті.

Марафонға қатысушылар, достарын, туған-туысқандарын, әріптестерін, таныстарын өзінің таңдауы бойынша фастфудтан, газды сұсындардан, тәтті тағамдардан бас тартуға, жеміс-жидектер таңдауға, 100 рет сергіту жаттығуларын жасауға және эстафетаны ары қарай «Ал Сіздің қолыңыздан келе ме» ұранымен жалғастыруға шақырды.

Марафон бүкіл елімізде «Денсаулык жолы» аясында өтеді және ауруларды ерте диагностикалауға, қарапайым ережелерді сақтау жолымен денсаулықты сақтауға және өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Талғар-ақпарат