Қызылордада электронды форматта түскен қылмыстық істер медиациямен аяқталды

Қызылордада электронды форматта түскен қылмыстық істер медиациямен аяқталды

Қызылорданың № 2 сотында бір азаматты ұрлық жасағаны үшін және басқа екі азаматты алаяқтық үшін айыптау бойынша екі қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды ТалғарАқпарат Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірінші жағдайда сотталушы ұялы телефонды жасырын жымқырып, жәбірленушіге 100 000 теңге залал келтірсе, екіншісінде сотталушылар жәбірленушілерді жұмысқа тұрғызамыз деп жалған уәде беріп, алаяқтықпен ақшасын алдап алып, оларға 470 000 теңгеге залал келтірген.

Басты сот талқылауында тараптарға қылмыстық теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған тұлға, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібіде, және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жататыны түсіндірілді.

Осы істерді қарау барысында жәбірленушілер мен сотталушылар медиацияның тиімділігін түсініп, ортақ бір мәмілеге келіп, өзара медиативтік келісім жасасты, сот оны бекітті.

Нәтижесінде сотталушылар жәбірленушілермен татуласуларына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Қылмыстық істерді электронды форматта қарау қаржылық шығындарды  болдырмауға ықпал етеді, ал медиативтік келісім жасау өз іс-әрекеттерінің заңға қайшылығын түсінген айыпталушыларға істеген ісі үшін өкінуге және сотталудың алдын-алу мүмкіншіліктерін түсінуге мүмкіндік береді.

Талғар-ақпарат