Министр Мұхамедиұлы өзі жазған әннің бейнеклипін көрсетті (видео)

Министр Мұхамедиұлы өзі жазған әннің бейнеклипін көрсетті (видео)

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астана жайлы әнді өзі жазған. Аталмыш әнге түсірілген бейнбаянды министр Facebook-тегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Достарым, әсем елордамыздың мерейтойына арналған «Ақ ордам — Астана» әнін Capriccio тобының орындауында қабыл алыңыздар. Сөзі Шөмішбай Сариевтікі, музыкасының авторы мен. Көңілдеріңізден шығады деген үміттемін», — деп жазды министр желідегі парақшасына.

Айта кетейік, 6 шілде күні қазақстандықтар Астана күнін тойлады. Мерекені атап өту үшін бірнеше іс-шараға мемлекеттік бюджеттен 19 млрд теңге жұмсалатыны хабарланған. Әрі дәл сол күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 78 жасқа толды.

Ал Арыстанбек Мұхамедиұлы Жұбанов атындағы республикалық арнайы музыкалық мектебін тәмамдаған. Өзінің еңбек жолын 1984 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының мемлекеттік симфониялық оркестрінің артисі болып бастаған. «Асыл сезім», «Астана», «Достарым» және тағы бірнеше әннің авторы.

Талғар-ақпарат