Алматы тұрғыны Zhanna Assanova Facebook желісіндегі парақшасында Алматы облысындағы ауруханалардың бірінің жағдайына наразылық білдірді, деп хабарлайды ТалғарАқпарат tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Әйел жазбасымен бірге аурухананың суреттерін жариялады. Айтуынша, бұл суреттер қорқынышты фильмдерден алынған кадрлар емес, ол Шелек және сол маңдағы ауылдың тұрғындары көмекке жүгінетін аурухана.
«Осындай жағдайдағы ауруханаға жарақат алған, уланып қалған, күйік шалған және тіпті инфаркт алған адамдар түсіп жатады… Хирургия бөлімін айтпай-ақ қояйын, сіздердің жүйке жүйелеріңізді құртпайын деп шештім. Ондағы дәрігерлер расында адамдардың өмірін құтқарып қалуға тырысады, бірақ оған жағдай бола бермейді. Аппаратуралар жоқ, дәрі-дәрмек те жоқ. Бірақ дәрігерлер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр», — деп жазды алматылық тұрғын.
«Отбасымызда жақын адамымызды жоғалтып қойдық. Ешқандай да дәрі қажет болған жоқ еді, жансақтау бөлімі 3-қабатта, бірақ лифт жұмыс істемей тұрды… Жоғарыға қарай жеткізе алмадық… Үш жылдан аса уақыт өтті, бірақ лифт жұмыс істемей тұр. Бюджетте ақша жоқ деп ойламаймын, (…)» — дейді жазбаның авторы.
«Мейлі, ауылға сол да жетеді. Мына жағдайды осылай ғана түсіндіруге болады. Линолеумдар мен мектепте оқып жүрген кезде салынған болатын, әлі тұр. (… ) Жұқпалы аурулар ауруханасындағы жағдай жақсырақ сияқты — онда дәрігерлер ақша жинап, өздері жөндеп, әрлейді. Кеше түнде отырып, осы ауруханада уланып түскен 10-нан аса науқастың бар екенін есептедім. Оларға қажетті дәрі-дәрмектерді алып берді деп ойлаймын. Айта кету керек, 3-қабаттың балконына шығуға болмайды, себебі балкон құлап кетуі мүмкін», — деп жазған алматылық әйел.
Талғар-ақпарат