2 шілде күні Алматы облысының Шелек ауылында орталық аудандық аурухананың 3 қызметкері қайтыс болды. Оқиға медициналық мекеменің аумағында орын алды. Тексеру барысында аурухананын канализация құдығында 5 адам эвакуацияланып, олардың үшеуі қайтыс болған, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.
«Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабының 4-тармағында көзделген, яғни еңбек қорғау ережелерін бұзу туралы тиісті тексеру басталды. Айта кету керек, бұл жағдайды облыстық Ішкі істер департаментібақылауға алып, сараптама жүргізілетін болады», — деді Көбейхан Нұрахметұлы.
Және қаза тапқан отбасыларыға көмек көрсетіледі, — деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.
«Зардап шеккен отбасылар үшін орны толмай қайғылы оқиға болды. Жағдайдың қалай орын алғаны тексеріс жүргізілгенен кейін белгілі болады. Қайтыс болған азаматтардың екеуі сантехник, біреуі дәрігер. Қазіргі уақытта зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетіліп, жерлеу рәсіміне дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Әкімшілік тарапынан қайтыс болған отбасылардың туыстарына материалдық көмек көрсету мәселесі қарастырылуда. Біз барлық ақпаратты хабарлап, көрсетілетін өтемақы мөлшерін қосымша хабарлайтын боламыз», — деді.
«Медицина қызметкері ауыр жағдаймен түскенімен, қазір тұрақтанып келеді. Таңертең жасанды желдеткіш құрылғыдан алынды. Осыған байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Бауыржан Ысқақ басқаратын арнайы штаб құрылды. Олар бірден оқиға орын алған жерге барды. Сонымен қатар облыстық және қалалық көпсалалы клиникасының екі бригадасы жіберілді, олар құрбандардың өмірін құтқару үшін барлық шараны қолдандық. Алайда газбен уланған кезде адам бірден зардап шегеді. Өкінішке орай үш азаматты өлімнен арашалап қала алмадық», — дейді денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Өмірзақ Әбілпейісұлы.
Талғар-ақпарат