Шарықта,Астанам!

Шарықта,Астанам!

Биыл бас қаламыз — Астананың 20 жылдығы.
Бүгінгі таңда елдің төрі — Елордамыз барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірлік мекеніне айналды. Астана — қарыштап дамыған мемлекеттің нышаны, әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеудің айқын дәлелі. Үстіміздегі жылы сәуір айында өткен «Жас Отан» ЖҚ ІҮ съезінде делегат болдым. Сарыарқа төсінде қоныс тепкен алып шаһардың сұлулығын көріп, тамсандым. Елдің мақтанышы саналатын көкке ұмтылған бірегей, зәулім ғимараттар жүрегімді тебірентіп, мерейімді тасытты. Астана — ойы ұшқыр, мақсаты анық, инновациялық жаңашылдыққа жаны құмар жастар қаласы екеніне көзім жетті.
Жарқын қаламыз одан әрі өркендей берсін, біз, жастар, ол үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауға дайынбыз.

Замира Қалымбетова,

«Жас Отан» ЖҚ Талғар аудандық филиалының жетекшісі