Елбасының «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырған шара Алматы облысында алғаш рет өткізіліп отыр. Мұнда өтінім берген қала тұрғандары мен қонақтары ұялы телефонының ақауын шеберлерге көрсетіп, телефонның сынған жерін тегін түрде жасатуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.
Байқауға жалпы 15 мобильді сервис өтініш беріп, 7-уі іріктеуден өтті. Күні бойы 7 шебер 61 телефонды қайта іске қосты. Олардың шеберліктеріне әділ қазылар алқасы мен телефон тұтынушылар баға беріп отырды.
Шара мақсаты Талдықорғандағы инженер кадрларының жетіспеушілігіне назар аударту, жастар арасында кәсіби инжинерлерді анықтау, үздік мобильді инженерлердің жетістіктері мен тәжірибесін алға қарай дамыту.
««Mobile Service 2018» жәрмеңкесіне кәсіби шеберлерді тандауда бізге оның жасы, білімі мен жынысы маңызды болмады. Бастысы техниканың тілін жақсы меңгерсе болғаны. Жоба үлкен сұранысқа ие болып жатса, келешекте жалғасын таппақ», — дейді шара ұйымдастырушысы Асетбекова Динара.
Айта кету керек, аталмыш шараны Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен Өңірлік коммуникациялар қызметінің қолдауымен өтіп отыр.
Талғар-ақпарат