Үндістанда адам мүшелерін сатқан деген желеумен бірнеше адам соққыға жығылған. Қылмыс туралы тұрғындар WhatsApp желісінде таралған хабарламадан білген. Ол туралы Reuters жазады, — деп хабарлайды tengrinews.kz.
Мадхья-Прадеш штатының бірнеше ауданының тұрғындарына өлкеде қайыршы кейпіндегі 500 адам кісі өлтіріп, мүшелерін сатады деген хабар таралған. Авторлар бұл хабарламаны таратуды сұраған.
Полицейлердің айтуынша, ақпарат жалған болып шыққан. Хабарлама таратқан үш адам тұтқындалыпты.
Мамыр айында Үндістанда бір топ адам 26 жастағы мигрантты ұрып өлтірген еді. Жергілікті тұрғындар оны WhatsApp желісінде таралған жалған хабарламаның кесірінен бала ұрлады деп айыптаған.
Талғар-ақпарат