ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті жанынан құрылған Арнайы мониторинг тобы бүгінде тек Талдықорғанда ғана емес, облыстың барлық аудан және ауылдарында мониторинг жүргізуде, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.
Арнайы мониторинг тобының құрамына «Нұр Отан» партиясының, қоғамдық бірлестіктердің, білім беру саласының, Азаматтық Альянстың өкілдері, БАҚ өкілдері, «Атамекен» ҰКП Алматы облысы бойынша филиалы директорының орынбасары, сондай-ақ Департаменттің және Алматы облысы әкімі аппаратының қызметкерлері кірді.
Қоғамдық бақылау аясында Арнайы мониторинг тобы мүшелері Панфилов, Ұйғыр, Кеген, Еңбекшіқазақ, Талғар аудандарында және Талдықорған қаласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына бақылау жүргізді.
Облыста көрсетілетін мемлекеттік қызметтер талаптарымен танысу нәтижесі бойынша Арнайы мониторинг тобы мүшелерімен кемшіліктер айтылып, оларды жою үшін жауапты тұлғаларға 36 ұсынымдар берілді.
Атап айтсақ, ұсынымдардың орындалуы Департамент тарапынан қадалануға алынып, бүгінгі күні 36 ұсынымның 31 өзінің тиісті шешімін тауып, 5 ұсыным орындалуда.
«Құрылған топтың негізгі мақсаты — мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша шаралар кешенін өткізу болып табылады», — деп қорытындылады Департаментінің басшысы Нұрғисаев Серікбай Өрікбайұлы.
Талғар-ақпарат