Талдықорғанда ҮЕҰ өкілдеріне кеңес беру орталығы ашылды

Талдықорғанда ҮЕҰ өкілдеріне кеңес беру орталығы ашылды

Орталық үкіметтік емес ұйымдарды құқықтық, техникалық және ақпараттық қолдау үшін құрылған. Алматы облысының үкіметтік емес секторында 900-ден астам ұйым табысты жұмыс жасайды. Орталықтың белсенді жұмысына байланысты ҮЕҰ-дар жаңа, кәсіби жоғары деңгейге шығуға мүмкіндік алады, деп хабарлайды ТалғарАқпарат Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Орталықтың мақсаты үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдағы шешім қабылдау үдерісіне ҮЕҰ-дың қатысуын және қоғамдағы тұрақтылықты арттыру. Азаматтық орталықтың Алматы облысының ҮЕҰ-на және жеке кәсіпкерлерге «бір терезе» ұстанымы бойынша ақпараттық, консультациялық кеңес беріп,  ұйымдық қолдау көрсету бойынша іс-шаралар кешені үшін тегін қызметтер ұсыну», — дейді «Алматы облысының Азаматтық Альянсы» ЗТБ Президенті Нурмуханова Жанар.

Айта кету керек, өткен жылы Алматы облысының Азаматтық альянсы негізінде Алматы облысындағы үкіметтік емес ұйымдар үшін Консалтинг орталығы ашылды.

Сонымен қатар, «бір терезе» қағидаты бойынша азаматтық орталық қызметінің ерекшелігі облыстағы үкіметтік емес ұйымдардың топпен жұмыс істеудегі тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін дамытуға қолдау көрсетілуде.

Талғар-ақпарат