Ағымдағы жылдың шомылу маусымына дайындықты Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастап кетті, деп хабарлайды ТалғарАқпарат Өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысының орынбасары Найзабеков Берік баяндады.
Мәселен, облыстың су қоймаларында төтенше жағдайлардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Жергілікті атқарушы органдар және Азаматтарды қорғау қызметтерімен жұмыс жоспар бекітілді.
Сонымен қатар, облыстың су қоймаларында су жолының пайдалану кезеңінде өзен және шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалану үшін бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді. Шомылу маусымы кезеніңде су қоймаларында судағы төтенше жағдайлардың алдын-алу бойынша «Скутер» акциясын өткізу жоспарлануда.
«Шомылу кезеңінде суға батып жатқан адамдардың біраз бөлігі балалар болғандықтан, «Оқушылар сарайында», ЖПҚ және ата-аналар комитеті өкілдері, аудандық, қалалық білім бөлімдері, тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасарлары және қала сыртындағы сауықтыру лагерларының директорларының қатысуымен жазғы демалыс уақытында «Балалар мен жасөспірімдердің судағы жүріс-тұрысы» туралы семинар өткізілді. Семинар барысында жазғы уақытта судағы қауіпсіздік ережелері бойынша бейнероликтер көрсетіліп, қатысушыларға жаднамалар мен брошюрлар таратылды», — дейді Б.Найзабеков.
Айта кету керек, «Суда абай болыныздар!» тақырыбында телеарналарда бейне ролик көрсетілуде, облыстың 4 өңіріне судағы қауіпсіздік ескертпе банерлар және судың аса қауіпті аймақтарында қосымша жылжымалы құтқару постары қойылды.
Талғар-ақпарат