Жұқтырғандар көбейіп жатыр — Сағынтаев менингит жағдайы жайлы

Жұқтырғандар көбейіп жатыр — Сағынтаев менингит жағдайы жайлы

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы менингококк инфекциясына қатысты есеп беруді талап етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Жұқтырғандар көбейіп жатыр. Өкінішке қарай, қайтыс болып жатқандар бар. Осының барлығына түсінік беріп отыруды сұраймын. Қазір қоғамда да осы мәселе талқыланып жатыр. Қолданылып жатқан шаралар жайлы айтып берулеріңізді сұраймын», — деді премьер-министр денсаулық министрі Елжан Біртановқа.

Министрдің баяндамасынан кейін Сағынтаев халықпен түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттігін мәлімдеді.

«Бұл мәселе бәрімізді алаңдатып отыр. Әлеуметтік желілерде де қызу талқыланып жатыр. (…) Штаб жұмысы көпшілік алдында көрсетілуі керек. Әрбір болып жатқан жағдай халыққа түсіндірілуі қажет. Түсіндірме жұмыстарын белсендірек жүргізу керек. Вакцинациялау мәселесіне де жеткілікті назар аударылып жатыр. Маған кәсіпорын директорлары, олардың қызметкерлері вакцинациялаудың қажеттілігі жайлы айтып жатыр. Мұның барлығы жеткілікті түсіндіріліп жатқан жоқ», — деді Сағынтаев.

Сондай-ақ, премьер-министр әкімдерден өз өңірлеріндегі жағдайды бақылауға алуды сұрады.

Талғар-ақпарат