1 маусым- халықаралық балаларды қорғау күніне орай

1 маусым- халықаралық балаларды қорғау күніне орай

Бақыт туын көтерген балалардың күні — бұл

1950 жылдан бастап 1 маусым  – Халықаралық балаларды қорғау күні болып бекітіліп, 68 жылдан бері балалардың құқықтары мен бостандықтарына қорғауға айрықша мән беріліп келеді.  Қазақстан Республикасында балалар құқығы заңмен бекітілген. Әр бала  балабақшада, мектепте мемлекет тарапынан тегін тәрбие мен білім алуға құқылы.  Өмірдің базары да, ажары да болатын перзентін көңілдің гүліне, көздің нұрына теңейтін қазағым  бар үмітін баладан қалаған.  «Бір қозы туса, бір түп жусан артық өседі» деген тәмсілді ұстанғандықтан әр сәбидің өз несібесімен дүниеге келетінін айтып, аталмыш мереке – орны ерек, мәні бөлек екенін жан-дүниесімен түсіне біледі.

Осы күні жер-жерде өткізілеп жатқан шаралардың қатары Талғардағы спорттық бәсекемен толықты. Талғар қалалық әкімдігі мен Талғар қаласының қоғамдық кеңесінің ұйымдастыруымен №3 мектепте оқушылар арасында баскетболдан жарыс өтті. Кубоктан дәмелі командалар алдымен Кеңес төрағасы Жанат Байкеновтың алғы сөзін тыңдады. Бүгінгі күннің маңызы мен ерекшелігіне тоқталған төраға бұқаралық спорттың да жай-жапсарын атай кетті.

  • Бұқаралық спорт — саламатты өмір салтының негізі. Ал, спорт балаларға қол жетімді болуы үшін мұндай жарыстарды жиірек өткізудің маңызы зор. Бәсеке болған жерде сапа да болатынын ескерсек, бір-бірімен сайыса, жарыса өскен дені сау жастар — еліміздің негізгі тірегі болады, — деген Жанат Байкенов аудан спортын дамытуға айшықты үлес қосып, талай жарыста топ жарып жүрген бір топ спортшыларды  қала әкімі Жандос Әуелбаев пен  мен қалалық қоғамдық кеңес атынан  Мақтау қағаздарымен марапаттады.  Мақтау қағазымен қоса Талғар тарихы қатталған «Талғар және талғарлықтар» деген жаңа фотоальбомды да сыйға тартты.  Бұдан кейін жарысқа қатысушы —  баскетболдың туын көтеріп жүрген балаларға тек биіктен көрінулеріне тілектестігін білдірді.

Сап түзеп жарысты бастаған алаң иелері баскетбол өнеріне барынша машықтанғанын байқатты. Ойынға адалдық танытып, өзгелерге үлгі бола білетін мықты баскетболшылардың өсіп келе жатқанын аңғару қиын емес. Бір күн бойы өтетін шараның жеңімпаздары жарыс қорытындысында анықталатын болады. Айта кетелік, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер арнайы  медаль және диплодармен марапатталады, сондай-ақ, үздік ойыншылар да марапаттан тыс қалмақ емес.

 

Меруерт  Бөлек

Талғар-ақпарат