2016 жылғы дейін алынған валюталық ипотекалық қарыздар қайта қаржыландырылады

2016 жылғы дейін алынған валюталық ипотекалық қарыздар қайта қаржыландырылады

Мемлекет басшысы өз Жолдауында Ұлттық банкке доллар бағамының көтерілмеген кезенінде алған жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын бұрынғы бағам бойынша қайтару мәселесін тапсырған болатын. Тапсырманы орындау барысында ҚР ұлттық банкінің басқармасы 2015 жылғы сәуірде қабылданған «Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру» бағдарламасын бекітті. Осы арқылы жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген барлық валюталық ипотекалық қарыздары теңгеге ауыстыра алады. Бағдарламада жеке тұлғалардың 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған валюталық ипотекалық қарыздарын бұрынғы доллар бағамы бойынша (шамамен 188 тг) қайта есептелінеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында  ҚР Ұлттық Банкінің Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Сәкенова Әлия баяндады, деп хабарлайды ТалғарАқпарат коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

«Ипотекалық қарыздарды қайта есептеу әлеуметтік шиеленістерді азайтады, қарыз алушылардың қаржылық жағдайын жақсартады және банкке алған соммасын ғана қайтаруға көмектеседі», — дейді Ә.Сәкенова.

Банктердің бағдарлама шеңберінде қарыздарды қайта қаржыландыру ағымдағы жылдың 30 желтоқсанына дейін жүзеге асырылады және бағдарлама бойынша қарызды қайта қаржыландыру туралы өтінішпен өзінің кредит берген банкіне 2018 жылдың 15 желтоқсанына дейін кешікпей жүгінуі қажет.

Ипотекалық қарыз алушы банктің бағдарлама бойынша оның қарызын қайта қаржыландырудан бас тартқан жағдайда, ол филиалда құрылған комиссияға жүгіне алады.

Аталмыш бағдарламаға қатысты сұрақтар бойынша  ҚР Ұлттық Банкінің Алматы облыстық филиалына ақысыз консультациясына немесе 8(7282) 55-95-05 номеріне телефон соғуға болады.

Айта кету керек, екінші деңгейдегі банктердің филиалдары мен Қазақстан ипотекалық компаниясының берген ақпараттары бойынша Алматы облысында бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 10,7 млрд. теңгеге 809 шетел валютасымен ипотека алған қарыз алушылардың ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыруы күтілуде.

Талғар-ақпарат