Арқалықта оқушылар мазардың күл-талқанын шығарды

Арқалықта оқушылар мазардың күл-талқанын шығарды

Арқалықта оқушылар мазардың күл-талқанын шығарды. Бұл туралы Қостанай облысы ІІД хабарлады.

Мазардың талқандалғаны жайлы Арқалық тұрғындары айтқан. Марқұм туыстарының бейіт басына барған олар тастардың құлап, топырақтың шашылып жатқанын байқайды.

Ведомствода мәлімделгендей, аталмыш фактіге байланысты ҚР ҚК-нің 314 бабына сәйкес «Өлгендердің денелерін және жерлеу орындарын теріс пайдалану» айыбы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіледі.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында сол күні-ақ Арқалықтағы орта мектептің 11 жастағы екі оқушысы мойындау түсініктемесін берді», — деп хабарлады ішкі істер департаментінде.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасып жатыр, соның нәтижесінде шығын мөлшері анықталады.

Талғар-ақпарат