29-31 мамырына арналған ауа-райы болжамы
Ақмола мен Павлодар облыстарына жексенбі күні жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын әкелген, суық арктикалық фронттар, республиканың шығысына, оңтүстік пен оңтүстік-шығысына қарай жылжуда. Сонымен байланысты алдағы тәуліктерде жаңбыр сақталады, шығыста түнде жаңбырдың сулы қарға ұласуы мүмкін, деп хабарлайды ТалғарАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Қазақстанның батыс бөлігіне жылжып келе жатқан антициклон жауын-шашынды қысқа мерзімге тоқтатады. Антициклонның орнына, Орал аудандарынан келе жатқан суық фронттардың кезекті жүйесі келеді.
Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағында ауа-райы жағдайының күрт өзгеруі сақталады. Солтүстік облыстарда қайтадан жаңбырдың сулы қарға ауысуы, үсік болуы мүмкін, оңтүстікте өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді.
Талғар-ақпарат