Алматыда тағы төрт адам менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен дәрігерлердің көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Бүгінде 51 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді. 3-4 күнде тағы 4 адам келді. Олардың барлығы бақылауда. Менингококк инфекциясы анықталған жоқ, олар диагностика үшін алдын ала тексерілу үшін келіп жатыр», — деп түсіндірді Айзат Молдағасымова.
«Келген 47 адамның 21-інен диагноз анықталды, 15 адамның диагнозы расталмады. Тағы 11 адам бақылауда», — деді Айзат Молдағасымова.
Еске сала кетейік, 21 мамырда бұл дерт 15 адамда анықталған еді. Жалпы үш адам қайтыс болды — екі ересек адам мен бір бала.
Талғар-ақпарат