Қазақстанда ауыл әкімдерін енді тұрғындардың өздері сайлайтын болады. Бұл туралы мәжіліс отырысында әділет министрі Марат Бекетаев «Сайлау» туралы заңнамаға енгізілген өзгерістерді таныстыру барысында мәлімдеді, деп хабарлайды ТалғарАқпарат qamshy.kz-ке сілтеме жасап.
«Ауыл басшылары халықтың дауыс беруі арқылы сайланатын болады. Олар төрт жыл мерзімге сайланады», — деді Бекетаев.
Бекетаевтың айтуынша, ауыл, кент, кент округтерінде әкімдерді сайлау шарасын өткізу жоспарланып отыр. Үміткерлерді аудан әкімдері ұсынады. Заңнамаға сәйкес, өзін үміткерлікке ұсыну қарастырылмаған.
Талғар-ақпарат