Фильм — бұл өмір: Талдықорғанда актерлік шеберлік сабағы өтті

Фильм — бұл өмір: Талдықорғанда актерлік шеберлік сабағы өтті

Кино – көрермен жүрегіне жол таба алған өнердің ерекше түрі. Егер де кері байланыс орнаса, бұл жетістіктің биік шыңы. Осы және актерлік шеберлік жайында Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған шарада сөз етілді, деп хабарлайды ТалғарАқпарат коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

«Қазіргі таңда барлық адамдар материалдық жағдайды жақсарту мақсатында түрлі әрекеттерге барады. Соның ішінде өнер адамдары да бар. Мен үшін, белгілі бір кейіпкерді барымды салып ойнау маңызды. Бұл жоғары ақы төленбейтін кішігірім рөлдер болсын, оларды сапалы етіп ойнап беру басты міндетім болып келеді», -дейді шара спикері Асхат Кучинчиреков.

Асхат Кучинчиреков –актер әрі режиссер. Ол 2018 жылы Канн кинофестиваліне қатысып, «Айка» атты фильмін ұсынды.

Актёр ол өнердегі ең биік шың, сахнаның ханзадасы, өнердің теңдессіз алыбы саналады. Сондықтан, кез келген рөлді сомдау жылдармен келетін теңдессіз тәжірибе. Ол үшін көптеген жаттығулар бар. Солардың бірі — «Этюд». Бұл эмоциялық мінез-құлық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік беретін сабақтардағы пайдалы элемент.

Аталмыш шара өте қызықты өтті. Тыңдаушылар қызығушылық тудыратын барлық сұрақтарын қойды. Әсіресе іс-шараның жас қатысушылары, жұмбақ кино әлемі туралы мол ақпарат алды.

Талғар-ақпарат