№17 орта мектепте округ аумағындағы мектептерден келген уəкілдермен бірлесе отырып Елбасының Жолдауын насихаттауға арналған жиын өтті. Шараға «Іле мұрагері» ҚБ жетекшісі Қымбат Құрманжанова, жоба координаторы, Алматы облысының «Тіл» оқу-əдістемелік орталығының əдістемелік бөлімінің қызметкері Қарлығаш Ақбасова, Панфилов округі əкімінің орынбасары Сəуле Мықтыбаева жəне бас мамандар Ғалымжан Мұсабеков пен Абай Жұрынов қатысты.
Елбасы Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында ел дамуына қатысты ең негізгі 10 басымдықты атап, көрсеткенін білеміз. Бұл ретте сапаның артуы, оның ішінде, өндіріс, білім сапасы мен ғылыми ізденіс нəтижелерін арттыру – Президент Жолдауының басты лейтмотиві болып
отыр. Жиынға қатысушылар еліміз дамыған 30 елдің қатарынан көріну үшін өз тараптарынан атқарылатын жұмыстарға тоқталып, Елбасымыздың Жолдауы басты бағдар екендігін айтып өтті.
– Биылғы «Төртінші өнеркəсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер қарастырылған. Болашағымыз жастардың қолында екенін жəне жастарды жаңартылған білім мазмұны арқылы оқыту əрине мұғалімдер екенін атап өтті. Жолдауда көрсетілген 10 басымдықты атқаруға үлесімізді қосуға шақырамын – деп, сөзін сабақтаған Қымбат Құрманбекқызы басты бағыттарға кеңірек тоқталып өтті.
Өз ойларын жеткізіп, қатысушылармен пікір алмасу сипатында өткен жиында жиналғандар шынайы қолдауларын білдіріп, пікірлерімен бөлісті.
А.Жұрынов,
Панфилов ауылдық округі əкімінің бас маманы.