Алматы облысында бір үйдің екі баласы каналға батып кетті

Алматы облысында бір үйдің екі баласы каналға батып кетті

Алматы облысында Бабақты ауылының шетіндегі каналға бір үйдің екі баласы батып кетті, деп хабарлайды ТалғарАқпарат sputniknews.kz-ке сілтеме жасап. 

Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, трагедия жексенбі күні күндіз болған.

2014 жылы туған екі бала үлкендердің қарауынсыз ойнап жүріп, абайсызда суарма каналға құлап кеткен.

Атырау облысының Құлсары қаласында да қайғылы оқиға болды.

Жем өзеніне 11-сынып оқушысы батып өлді, ол рұқсат етілмеген жерде шомылған.

Талғар-ақпарат