Талғар қаласындағы «Жастар» стадионында Талғар ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Жеңіс күніне орай шағын футболдан жарыс болып өтті. Жарыстың мақсаты – жастарды дене тəрбиесі мен спортқа бейімдеп, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.
Жарысқа 16 мен 24 жас аралығындағы 12 команданың шебер футболшылары жиналып, бас жүлде үшін барын салды. Күні бойы теңбіл допты қақпақылдаған футболшылар əдемі ойын өрнегін көрсетті. Сайыс қорытындысында бас жүлдені Талғар футболшылары жеңіп алса, екінші орынды №49 орта мектептің ойыншылары, ал үшінші орынға Тұздыбастау ауылының құрама командасы шықты. Футбол турнирінде «Үздік қақпашы» жүлдесі Бекнұр Қожатайға берілсе, «Үздік ойыншы» бəйгесі шебер фуболшы Дильшат Аликовке, «Техникалық шеберлігі үшін» жүлдесі Ратмир Тоқаевқа бұйырды. Жарыстың əділ өтуіне үлкен үлес қосқан Дəулет Юсупов «Əділ төреші» сыйлығын алды. Салауатты өмір салтын нығайтуға арналған тағы бір ойын өз мəресіне жетті.
Тұрсынбек ЖАЛҒАСБАЕВ
Талғар-ақпарат