І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің №2 ғимаратында Қазақстан Халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9-мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған «Ұранды елдің ұрпағы қайсар» атты мерекелік іс – шара өткізілді, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірдің коммуникация қызметіне сілтеме жасап.
Сахна төрінде университет әскери кафедрасының подполколковнигі Зиннур Рафаелевич Галиев рапорт беріп, ҚР гимні орындалды. Сонымен қатар 21-751 әскери бөлім сарбаздары өз өнерлерін көпшілікке тарту етті.
Алғашқы сөз университет ректоры, г.ғ.д., профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым Академиясының құрметті академигі Қуат Маратұлы Баймырзаевқа және Алматы облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбайұлына берілді.
Сонымен бірге жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп, еліміздің дамуы мен кемелденуіне үлес қосқан оқу орындарының әскери мамандарына Алғыс хаттар табысталды.
Ұлы Отан соғысына қатысып, Жеңіс туын желбіретіп, ерліктерін көрсеткен ата-бабаларымызды еске алу мақсатында бір минут үнсіздік жариялады.
Шара соңында білімгерлердің дайындаған шағын концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Талғар-ақпарат