Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бəріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата-бабаларымыз “тəні саудың – жаны сау” – деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.
Сол себепті жастарға үлгі өнеге көрсетіп дала спортына тарту мақсатында Белбұлақ ауылдық округі əкімі жүлдесі үшін ұстаздар арасында шағын футболдан жарыс өткізілді. Осы жарыста жалауын желбіреткен бұл жарысқа округке қарасты үш мектеп командалары қатысты. Барлығы үш команда өзара бақ сынасқан ойын қызық пен тартысқа толы өтті. Яғни, ойыншылар бірінен бірі аспаса, кем түспейтіндіктерін дəлелдеуге тырысып бақты. Нəтижесінде, ең мықтылары жеңімпаз атанды. Осы жарыста бірінші орынды № 34
мектеп гимназиясы жеңіп алса, екінші орынды № 32 орта мектеп ал № 10 орта мектеп үштіктен көрінді. Жүлдегер командалар кубок жəне мадақтама қағаздарымен марапатталды.
Салтанат Байболова,
Белбұлақ ауылдық округі жастар ісі
жөніндегі əдіскер нұсқаушысы.