22 сәуір күні Шымкент қаласындағы №1 облыстық перинаталдық орталықта 2005 жылғы жасөспірім қыз дәрігерлердің көмегімен салмағы 4 келі 200 грамм болатын сәбиді дүниеге алып келді деп хабарлайды ТалғарАқпарат NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы ақ халаттылар Шымкент қаласы Еңбекші аудандық ІІБ-не сол күні-ақ хабарлаған.
13 жасар аяғы ауыр қыз бала анасымен Шымкенттегі туыстарының үйіне қонаққа келіпті. Елу жастағы анасы қызының кіммен жыныстық қатынасқа түскендігін білмейді екен.
Тіпті қызының толықтығынан жүкті екендігінен де перзентханаға келгенше бейхабар болған көрінеді.
ОҚО, Сарыағаш ауданынында тұратын жас ана бар-жоғы 7 сыныпта оқиды.
Бұл оқиға бойынша Еңбекші аудандық ІІБ тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Талғар-ақпарат