Пәкістандық 24-жасар әнші — Самина Самунды (Синдху деген лақап атпен шығып жүрген) концертте билемей қойғаны үшін атып өлтірген. Болған оқиғаның бейнежазбасын The Independent басылымы 12-сәуір күні жариялаған, деп хабарлайды ТалғарАқпарат lenta.ru ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Geo TV порталының хабарлауынша әншіні өлтірген Тарик Джатой есімді азаматты полиция ұстаған. Куәгерлердің айтуынша, отырып ән айтудың орнына ер азамат қызға тапанша кезеп, орнынан тұрып билеуін талап еткен. Самун орнынан тұрған, бірақ билеуден бас тартқан. Сосын Джатой оған оқ атқан.
Халықаралық агенттіктердің жазуынша әнші ұйымдастырушылармен әнді отырып айтуға келіскен. Себебі, жүктілігіне байланысты көп тұра алмайтын болған.
Әншінің жүктілігіне 6 ай болған. Бүгінде марқұмның күйеуі әйелін өлтірген адамға заңнан қатаң шара қолдануды талап етіп отыр. Себебі, ол әйелін ғана емес, сонымен қатар өмірге келмеген баласын да өлтірді.
Оқиға Пәкістанның Ларкана қаласына қарасты Синд деген аймақта орын алған. Самун тойға шақырылған әртістердің бірі ретінде өнер көрсеткен.
Талғар-ақпарат