БЕС БАҒЫТТЫҢ БЕРЕРІ МОЛ

БЕС БАҒЫТТЫҢ БЕРЕРІ МОЛ

Жуырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Парламенттің қос палатасының біріккен отырысында бес əлеуметтік бастамасын ұсынғаны баршаға мəлім. Өз басым елім, жерім дейтін азаматтарға жігер беретін осы бастамаларды зор қуанышпен қабылдадым. Елбасының ел əлеуетін көтеруге бағыттаған бес өзекті мəселесі халықтың игілігіне жасалып отырған тағы да бір ізгі қадам екендігі даусыз. Бұл жүрек қуантарлық ақпарат – ел болашағын ойлаған Мемлекет басшысының қазақ елін Мəңгілік ел етуді жəне бəсекеге қабілетті елдердің қатарына қосуды меңзеп отырған межесі. Келешекте жүзеге асатын əлеуметтік бағыттардың ішкі тұрақтылық пен қолжетімді қажеттіліктерге бастар жолы екендігі айқын.

Бүгінгі таңда баспаналы болудың үлкен нығмет екендігін ескерсек, Нұрсұлтан Əбішұлының өз үндеуінде «Несие өсімінің мөлшерлемесі қазіргідей 14-16 емес, жылына 7 пайыздан аспайтын болады. Несие алушының ай сайынғы төлемін азайту үшін оның мерзімі 10-15 емес, 25 жылға дейін болады» дегені баспанаға қол жеткізе алмай жүрген жандардың жігерін оятып, жас жанұяларға үміт сыйлайтындығына сенімдімін.

Мемлекет басшысының ұсынған бастамаларындағы ерекше назар аудартатыны – «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен білім сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту». Бұл бастама еліміздегі төртінші өнеркəсіптік революция жағдайындағы жаңа экономикада үлкен сұранысқа ие болатын ақпараттық технологиялар, робототехника, нано-технологиялар жəне басқа да салалардағы жоғары білікті мамандарды даярлауға барлық жағдай жасауға бағытталған.

Сонымен, негізге алынған бес бағыттың біз үшін қай жағынан болса да берері мол, нəтижесі айқын. Осындай Отанымыздың қарқынды дамуына жəне дамыған мемлекеттермен тереземізді теңестіру жолындағы серпінді бағытбағдарламаларын бұқара халық жұмыла қолдаса, мақсатымыз дың орындалары шүбəсіз. Олай болса еліміздің болашағы үшін аянбай тер төгіп жүрген Елбасыға күш-қайрат пен жігерлі ғұмыр тілеп, ақ батамызды аямайық.

Бектеміс МҰСАХАНОВ

Тұздыбастау ауылы ақсақалдар алқасының мүшесі