Мемлекет басшысы Алжир Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Алжир  Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Алжир Халық Демократиялық Республикасының Президенті Әбдел Әзиз Бутефлиқаға көңіл айтты. Алжирдің Буфарик қаласы маңында жүк тасымалдайтын әскери ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады, деп хабарлайды ТалғарАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

– Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Алжир халқына көңіл айтып, қайғыларына ортақтастығымды білдіремін, – делінген жеделхатта.

Талғар-ақпарат