Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді

Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді

Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы дүйсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды ТалғарАқпарат ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Лондонның ICE Futures биржасында маусым айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 1,54 долларға дейін қымбаттап, бір баррель мұнайдың бағасы 68,65 доллар болды. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың мамыр айында жеткізілетін фьючерстері 1,36 долларға көтеріліп, бір баррельдің бағасы 63,42 долларды құрады.

Талғар-ақпарат