Ratel.kz сайтының жұмысы уақытша тоқтатылып, бас редакторы Марат Әсіпов күдіктілер қатарына ілікті. Бұл туралы Ratel.kz журналисі Вадим Борейко Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ТалғарАқпарат Қамшы kz-ке сілтеме жасап.
«Марат Әсіпов 8 сағатқа созылған тергеуден шықты. Сайт қызметкерлері Сапа Мекебаев пен Анна Калашникова да тергеледі әрі күдікті деп танылуы мүмкін», — деп жазды Вадим Борейко.
Ал Ratel.kz сайты мент Forbes Kazakhstan журналы редакцияларын тінту кезінде ұсталып, кейін босатылған Forbes.kz журналисі Александр Воротиловтың мәртебесі әзірге белгісіз.
Еске сала кетейік, журналистерді редакциядағы тінтуден соң ұстаған еді. Алматы полициясы бұл әрекетін екі ақпарат құралы «әдейі жалған мәлімет таратады» делінген «азамат К» арызымен байланыстырды. БАҚ-тың дерегінше, «Азамат К» — бұрынғы мемлекеттік кірістер министрі, кәсіпкер Зейнолла Кәкімжанов. Кәкімжанов өткен жылы аталған басылымдармен соттасып, олардан 50 млн теңге өндіру шағымын жеңіп шыққан. Ал Кәкімжановтың жемқорлық схемасын әшкерелемек болған журналистер соттың бұл шешімімен келіспеді.
Полиция Forbes Kazakhstan редакциясын тінтіген соң, Воротиловтың жұмыс компьютерін алып кетті. Өткен аптада бұғатталған Ratel.kz сайтының редакциясынан да компьютерлер мен құжаттар алынған.
Кәкімжанов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында өзіне қарсы мақалаларды «тапсырыспен жазылған» деп атады.
Талғар-ақпарат