ЖАҢА ЖОЛДАУ — ЖАҢА БАҒЫТ!

ЖАҢА ЖОЛДАУ — ЖАҢА БАҒЫТ!

Елбасының əр жылғы Жолдауы – тарихи құжат. Жолдаудың сегізінші бөлігінде – тиімді мемлекеттік басқару мəселесінде мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты «Бір терезе» қағидаты бойынша бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету үдерістерін цифрландыруды қамтамасыз ету қажеттігі жəне мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясы «бір өтініш» қағидаты бойынша жекелеген мемлекеттік қызмет көрсетуден кешенді қызмет көрсетуге көшуге мүмкіндік беретіндігі айтылған.

Бұл жұмыстар бизнес үшін əкімшілік жүктемені барынша азайту, рəсімдерді жеңілдету жəне бизнестің мемлекеттік органдармен өзара əрекеттесудің жеңілдету мақсатында жасалмақ.

Соңғы жылдары жүргізілген кешенді жəне жүйелі реформаларын іске асыру нəтижесінде əкімшілік кедергілер елеулі азайды. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы артуда. Бұдан əрі де мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді толық электрондық нысанда көрсетуге мүмкіндік бермейтін жəне азаматтарды əртүрлі анықтамаларды алу үшін мемлекеттік органдарға жүгінуге мəжбүр ететін проблемалардан арылуымыз қажет.

Сонымен қатар, ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық өнімдердің «Электрондық үкімет» порталымен жеткілікті ықпалдастырылуын, мемлекеттік қызметтерді толық автоматтандыруды жəне процестердің үздіксіздігін (өтініш беру мен қызмет нəтижесін алу аралығының ажырамауын) қамтамасыз ету бағытында жұмыс жүргізілу қажет.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің бастамасының негізінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, қызметтерді оңтайландыру жəне сыбайлас жемқорлық тəуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды қабылдау мақсатында Департаменттің бастамасы негізінде Алматы облысы əкімінің 2017 жылы 30 қазандағы № 468 қаулысына сəйкес мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым мүшелерінің қатысуымен арнайы талдау тобы құрылды.

Бүгінгі күні талдау тобымен Алматы облысында орналасқан 342 мемлекеттік қызметті көрсететін мекемелердегі қызмет алушыға жасалған жағдайларға талдау жүргізілді.

Талдау барысында қызмет көрсетушілердің жұмысындағы оң көрсеткіштер мен кемшілік тұстары анықталды. Оң көрсеткіштер:

• 15 ХҚКО үлгілік талаптарға сай (Ақсу, Алакөл, Көксу, Ұйғыр аудандарынан басқа);

• Мемлекеттік кірістер басқармаларында қызмет алушыларға арналған талапқа сай жағдайлар жасалған;

• Ауылдық округ əкімдіктерінде электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету орындары ұйымдастырылған. Ал анықталған кемшіліктер төмендегідей:

• Қызметтер көрсетушілердің 90%-мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған қолайлы жағдайлар жасалмаған;

• Қызметтер көрсетушілердің 70%-мен қызмет алушыларға жайлы жағдайлар жасалмаған.

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлық тəуекелдерін азайту мақсатында құзырлы мемлекеттік органдарға келесі ұсыныстар берілді:

Аудан, қалаларда «Сервистік əкімдік» құру бойынша жобасы (аудан, қала аумағында орналасқан қызмет берушілермен құжаттарды қабылдау жəне орындалған құжаттарды қызмет алушыға қайтару жұмысын «бір терезе» қағидасы бойынша ұйымдастыру; қызмет алушыларға үлгілік талаптарға сəйкес жайлы жағдайлар ұйымдастыру).

Талдау барысында анықталған кемшіліктерді толығымен жойып, алдағы уақытта болдырмауға бағытталған кешенді іс-шаралар қабылдансын. Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, аудан, қала мəслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйым мүшелерінің қатысуымен «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру жəне қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау мақсатында» аудан, қала көлемінде талдау тобын құру қажет.

«Атамекен» ҰҚП-мен бірлесе отырып Алматы облысының Көрме орталығы ғимаратында «Кəсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» құрылып, аталған залда коммуналдық қызметті түрлендіру, тұрғындарға концултативтік көмек көрсету жұмыстары жүргізілуде, коммуналдық қызмет көрсететін мекемелердің кассалары орнатылды жəне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ» кəсіпкерлерге қызмет көрсетуге арналған секторы жұмыс жүргізуде.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Алматы облысы бойынша филиалында 2018 жылға арналған мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарының Жоспар-кестесіне мемлекеттік қызметтер көрсету саласы бойынша «Ерекше қажеттіліктері бар адамдармен дұрыс жұмыс істеуді қалыптастыру методологиясы», «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын артыру» жəне «Электронды Үкімет Порталы арқылы қызмет көрсету» бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру курстары енгізілді.

Бүгінгі күні Департаментің бастамасымен Алматы облысының «Жастар ресурстық орталығының филиалы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен «Электронды Үкімет Порталы» арқылы мемлекеттік қызмет алу бойынша жастар арасында оқу курстары жүргізілуде.

Жоғарыда аталған жұмыс 2018 жылы Елбасының «Төртінші өнеркəсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауымен іске асады.

Талап Шаухаров

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы

бойынша Департаментінің мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы