«Президенттің бес əлеуметтік бастамасына» қолдау білдіру мақсатында Алматы қаласының Қылмыстық атқару жүйесі Департаментінің «Күзет бөлімі» РММ-нің жеке құрам қызметкерлері Ақтас ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесудің алғашқы сөзі əділет капитаны Р.Шаяхметовқа берілді. Баяндамашы Елбасы жариялаған халықтың əл-ауқатын жақсартуға бағытталған бастамалар халық ішінде оң бағаға ие болып жатқанын атап өтті. Келесі сөз кезегі Талғар ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі З.Қалымбетоваға берілді. Ол өз кезегінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес əлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуінде көрсетілген 5 əлеуметтік бастама туралы баяндап, бастамаларының елдің əлеуметтікэкономикалық жағдайының дамуына зор көмегін тигізетіндігін атап өтті. Жиын соңында ауыл тұрғындары да Елбасы бастамалары бойынша азаматтық көзқарастарын білдіріп, өзара пікір алмасты.
Ж. Сарсенбаева
Талғар ауданының жастар ресурстық орталығының кеңесшісі